Главная » 2013 » Декабрь » 19 » Абысындар арасындағы бақталас өліммен аяқталды

Абысындар арасындағы бақталас өліммен аяқталды

26.06.2019
Автор: janym_sol
Комментарии: 0
Просмотров: 801

№2 қалалық сотында кісі өліміне қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды. Абысындар арасындағы бақталас өліммен аяқталды. Қаладағы мейрамханалардың бірінің басшысы болған «Ж» есімді азаматшаны, өзінің абысыны сыбайласымен алдын-ала сөз байласу арқылы ажал құштырған. Бұл туралы аталмыш соттың баспасөз қызыметі мәлімдеп отыр.

«Байлыққа көзі түскен «И» есімді азаматша, өзінің бірге тұрып жатқан «А» мен көздеген мүдесіне жетуді ойлаған. Олар сөйтіп таң сәріде жәбірленушіні жастық пен тұңшықтырып өлтірген. Қылмыстық істерін жасырмақ болып мүрдені адам аяғы баспайтын қала сыртына апарып өртеп жіберген. Алайда, дене жартылай ғана отқа оранған. Араға екі күн салып, қанды қол абысын тәртіп сақшыларына туысының жоғалып кеткені туралы шағым түсірген. Ал, көз жұмған «Ж» Болгария мемлекетіне 5 күнге кету үшін, иелігіндегі бизнесін абысынына аударып берген. Ол, оны олжақтан оралған соң сатуға шешім шығарған» делінген таратылған баспасөз парағында.

Тергеу амалдары барысында күдіктілер өз қылмыстарын толығымен мойындады. Олар ҚР ҚК 96 бабының 2 тармағы бойынша жазаға тартылды. Енді қандықол қылмыскерлер өмірлерінің 20 жылын абақтыда өтеулері ықтимал.

Комментарии

Все смайлы
Подписка:1
Код *: