Главная » 2014 » Январь » 14 » Семей қаласы жер қатынастар бөлімінің маманы 300 мың теңге пара талап еткен

Семей қаласы жер қатынастар бөлімінің маманы 300 мың теңге пара талап еткен

26.06.2019
Автор: janym_sol
Комментарии: 0
Просмотров: 885

Семей қаласы жер қатынастар бөлімінің бас маманы пара алмақ болды деген күдікпен ұсталды. Қаржы полициясының құрығына іліккен маман өзінің қызметтік бабын пайдаланып «Б» деген азаматты алдау арқылы қасақана адастырып, оған жер теліміне құжаттарды рәсімдеп беру туралы уәде берген. Бұл қызметіне ол 300 000 теңге талап еткен. Қазір бұл қылмыстық іс Семей қаласының №2 сотының өндірісіне түсіп, қаралуда.

Алайда, өзіне қатысты жедел іздестіру іс-шаралары өткізіліп жатқанын түсініп, өзінің қылмыстық іс әрекеттерін аяғына дейін жеткізбеген. Дегенмен мемлекеттік қызметкер Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі, 177 бабы 3 бөлігінің «г» тармағында көрсетілген қылмысты жасаған. Бұдан өзге маман азаматты сендіріп, судьяға заңсыз іс-әрекет жасау үшін пара беруге көндірген. Осылайша, жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын тұлға жер телімін тездетіп жасау мақсатында судьяға 150 000 теңге көлемінде қаражат беруді талап еткен.

Қазір Семей қаласы жер қатынастар бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған

Комментарии

Все смайлы
Подписка:1
Код *: